KAZSCISAT-1 ҒАРЫШ АППАРАТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МИССИЯСЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
геомагнитное поле, наноспутник, ионосфера, космический аппаратАңдатпа
Мақалада KazSciSat-1 ғарыш кемесінің ғылыми миссиясының негізгі нәтижелері келтірілген. Жұмыста Ғарыштық техника және технология институтының мамандары ғылыми пайдалану үшін ғарыш жүйесін құру бойынша тәжірибелік- конструкторлық жұмыстардың кезендерінде атқарылған жұмыстар туралы сипатталған. KazSciSat-1 ғылыми ғарыш кемесі және жерден басқару кешені (ЖБК) және жердегі нысаналы кешеннен тұратын жер сегменті жасалды. KazSciSat-1 спутнигіндегі пайдалы ғылыми жүктеме ретінде индукциялық векторды өлшеуге арналған LEMI-040 үш компонентті ағынды феррозондтық магнитометрі қолданылды. 2018 жылдың 4 желтоқсанында KazSciSat-1 сәтті ұшырылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін KazSciSat-1 орбитада қалыпты жұмыс істеді. 440-тан астам байланыс сеанстары жүргізіліп, 1300-ден астам ЖБК-ға көріну өлке аймағында жердің тұрақты магнит өрісін алу мүмкін болды. Алынған пайдалы мәліметтерді ғылыми өндеу жүргізілді. Аймақтық нақты және модельді магнит өрісінің карталары жасалды. Іске қосылғаннан кейін бір жыл өткен соң (2019 жылғы 11 желтоқсан) KazSciSat - 1 жүйесімен кезекті байланыс сессиясы өтті. Алынған KazSciSat-1 деректерін талдау нәтижелері бойынша ішкі жүйелер жұмысында ауыткулар аныкталған жок, ғарыш аппараттары қалыпты жағдайда жұмыс істейді.

