ГОЛОГРАФИЯЛЫҚ ЕКІ ЖАҚТЫЛЫҚ ӘДІСПЕН СИПАТТАЛҒАН НӨЛДІК ДЫБЫСЫ БАР ЖҮЙЕГЕ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКАНЫ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Д.М. Зазулин әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы ; Ядролық Физика институты, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0003-2115-6226
  • C.E. Кемелжанова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-5469-3960
  • П.Д. Эзау Петербург ядролық физика институты, Ресей

Аңдатпа

Термодинамика геометриясы әдісі аясында бұл жұмыста
голографиялық дуальдік әдіспен болжанған нөлдік дыбысы бар жүйенің тепе-теңдік
күйдегі алуан түрлілігінің қасиеттері зерттелді. Лежандр түрлендірулеріне қатысты
инвариантты нәтижелер термодинамикалық потенциалды таңдауға тәуелсіз есептелінді.
Осы қарастырылып отырған жүйе үшін тиісті метрикалар мен скалярлы қисықтар
есептелініп, қасиеттері сипатталды. Голографиялық тәсіл көмегімен жұмыста кванттық
сұйықтықтың жаңа түрі табылып, сұйықтықтың жылу сыйымдылығы төмен
температурада қарастырылды. Термодинамикалық потенциал ретінде температура мен
бариондық тығыздыққа байланысты энтропия алынып және де 3-өлшемді графиктер
тұрғызылды. График арқылы ондаға термодинамикалық айнымалы скаляр қисықтары
шексіздікке немесе нөлге ұмтылады, бұл дегеніміз мүмкін болатын фазалық ауысуларды
және сәйкесінше кванттық әсермен өзара ірекеттесудің мүмкін болатындығын көрсетеді.
Бұл жағдайда метриканың екі нұсқасы да нөлдік дыбысы бар қаралған голографиялық
жүйеде ықтимал фазалық ауысулар сызықтарының орналасуы туралы бірдей
қорытындыға әкелетіндігі көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-17