ҚЫСҚА ПЕРИОДТЫ КАТАКЛИЗМАЛЫҚ АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ЭНТРОПИЯСЫ
Аңдатпа
Бұл жұмыста қысқапериодты катаклизмалық айнымалы жұлдыздардың WZ Sge типті 11 қысқа периодты катаклизмалық айнымалы жұлдыздарының тыныштық күйдегі және жарқ ету кезіндегі, екі күйіне информациялық- энтропиялық талдауы жүргізілді. Олардың ішіндегі 4 жұлдыздың EZ Lyn, GW Lib, PNV J03093063+2638031, V455 And тыныштық және жарқ ету кезіндегі спектрлерінде
бақыланатын Бальмер профиліндегі Hα сызығының уақыт шкаласында өзгерістері талданды. Зерттеу негізі ретінде квазирегулярлы, хаостық, стохастық процестер үшін информациялық энтропияның және оны нормалаудың жаңа әдісі қолданысқа ие болды. Бұл әдіс бойынша сандық классификациялау жүргізілді. Информациялық-энтропиялық әдіс шарттары негізінде табиғаты әр түрлі ашық жүйелерді сипаттауға қолданылуға мүмкіндік беретін, бақылау нәтижелерін өңдеу үшін сәйкес алгоритмі құрылды. Әдіс екі өлшемді процесстер үшін жалпыланып, нормаланды. Нормалау шарты ретінде толық біртектілік қабылданды. Нәтижесінде қысқапериодты катаклизмикалық айнымалы
жұлдыздардың WZ Sge типті 4 жұлдызының EZ Lyn, GW Lib, PNV J03093063+2638031, V455 And профильдерінің шартты, нормаланған энтропиясының температураға тәуелділігі тұрғызылып, сандық түрде олардың айырмашылығы көрсетілді. Жұмыстың нәтижесі бойынша қысқапериодты катаклизмикалық айнымалы жұлдыздардың фундаменталдық, физикалық параметрлері – температураны анықтаудың эмпирикалық әдісі ретінде қолданылуы мүмкін.

