ИДЕАЛДЫ ЕМЕС ҮЛГІЛІК ПЛАЗМАНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚФАКТОРЛАРЫ
Аңдатпа
Бұл жұмыста басқа зерттеушілердің сандық экспериментінен алынған нәтижелермен саны жағынан да және сапасы жағынан да жақсы үйлесетін үлгілік екікомпонентті сутекті плазманың динамикалық құрылымдық факторлары (ДҚФ) есептелінген [1, 2]. Бұл сипаттамалар идеалды емес тығыз плазмада таралған толқындардың дисперсиясын, оған қоса, олардың диссипациясын зерттеуге мүмкіндік береді [3]. Авторлар тапсырманы есептеу үшін қажетті кіші параметрлердің қолданылуын талап етпейтін моменттер әдісі қолданған. Бұл әдістің математикалық негіздері оны тепе-тең плазмадағы әртүрлі бөлшекаралық эффективті өзараәсерлесу потенциалдары үшін қолдануға мүмкіндік береді. Берілген әдістің ерекшелігі есептеу қатынастарына енетін Невалинна параметр- функциясына арналған өрнектерді білу қажеттілігі болып табылады. Бұл жұмыста осы шама ретінде жоғарыда көрсетілген қатынас қолданылған [4]. Берілген әдістің маңызды ерекшелігі зарядталған бөлшектер жүйесінің динамикалық сипаттамаларын есептелінген статикалық факторлары бойынша анықтау мүмкіндігі болып табылады. Олар гиперцепті жуықтаумен алынған Орнштейн-Цернике тендеулерінің шешімдерінен жұмыста берілген потенциалдардың көмегімен табылған.Жүктеулер
Жарияланды
2020-12-15
Журналдың саны
Бөлім
ФИЗИКА
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ИДЕАЛДЫ ЕМЕС ҮЛГІЛІК ПЛАЗМАНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚФАКТОРЛАРЫ. (2020). Ashyq Júıeler Evolúsıasy Máseleleri Jýrnaly, 20(1), 68-73. https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/20



