Жариялау этикасы
Бұл саясат Басылым этикасы жөніндегі комитет (COPE), COPE–DOAJ–OASPA–WAME бірлескен Ғылыми басылымдардағы ашықтық пен үздік тәжірибе қағидаларына, DOAJ талаптарына сәйкес әзірленді. Журнал, сондай-ақ, әл-Фараби атындаңы Қазақ ұлттық университеті әзірлеген ғылыми журналдардың этикасы қағидаларына сүйенеді.
Мақсат - ғылыми жарияланымдардың сапасын қамтамасыз ету, редакциялық үдерістердің ашықтығын арттыру және авторлар, рецензенттер, оқырмандар мен баспагер арасындағы сенімді нығайту.
- Жалпы принциптер
Журнал тек ғылыми адалдық стандарттарына сай келетін түпнұсқа зерттеулерді ғана жариялайды. Жариялау үдерісіне қатысушылардың (авторлар, редакторлар, рецензенттер, баспагер) бәрі адалдық, ашықтық, тәуелсіздік, сыйластық және құпиялық принциптерін сақтауға міндетті.
Ғылыми немесе жарияланым этикасын бұзатын кез келген әрекеттер (плагиат, деректерді қолдан жасау, фальсификация, манипулятивтік дәйексөздер, жалған авторлық және т.б.) COPE ұсынымдарына сәйкес қаралады.
- Редакция алқасының және редакторлардың жауапкершілігі
Редакция алқасы журналды дамытуға және халықаралық этикалық стандарттарды сақтауға жауапты.
Редакциялық шешімдер тек ғылыми маңыздылыққа, түпнұсқалыққа, айқын баяндауға және журнал бейініне сәйкестікке негізделеді.
Редакторлар тәуелсіз және құпия рецензиялауды қамтамасыз етеді. Редакторлар жарияланбаған материалдарды жеке ғылыми мақсатта пайдалана алмайды.
Қызығушылық қақтығысы болған жағдайда редактор қолжазбаны басқа редакторға тапсырады.
- Авторлардың жауапкершілігі
Авторлар ұсынылған нәтижелердің түпнұсқалығына, дәлдігіне және толықтығына толық жауап береді.
Мақала басқа журналда қаралуда емес және бұрын жарияланбаған болуы тиіс.
Барлық дереккөздер дұрыс көрсетілуі тиіс. Авторлар қателер анықталған жағдайда редакцияға дереу хабарлауы және түзету/қате туралы хабарлама/ретракция рәсіміне жәрдемдесуі тиіс.
- Авторлық және үлес қосушылық
Авторлыққа мыналарға елеулі үлес қосқан адамдар ғана енгізіледі:
- зерттеу идеясы;
- деректерді жинау, талдау немесе түсіндіру;
- мәтінді жазу немесе сын пікір беру;
- соңғы нұсқаны бекіту.
Қосымша көмек көрсеткен тұлғалар (қаржыландыру, техникалық көмек) алғыс бөлімінде көрсетіледі.
«Сыйлық» немесе «қонақ» авторлық, сондай-ақ жасырын авторлық қабылданбайды.
Авторлар реттілігі өзара келісім арқылы анықталады. Жауапты автор редакциямен байланысқа, барлық авторлардың келісіміне және мәліметтердің дұрыстығына жауапты.
- Рецензенттердің жауапкершілігі
Рецензенттер тәуелсіз, объективті және уақтылы пікір беруге міндетті. Рецензиялауға жіберілген қолжазба құпия құжат болып табылады.
Қызығушылық қақтығысы болса, рецензент рецензиялаудан бас тартуы керек.
Рецензент мақаладағы этикалық бұзушылықтарды, плагиатты немесе деректерді қолдан жасауды редакторға хабарлауы тиіс.
- Қызығушылық қақтығысы
Қақтығыс қаржылық, академиялық немесе жеке қатынастарға байланысты туындауы мүмкін. Авторлар барлық қаржыландыру көздерін және ықтимал қақтығыстарды ашық көрсетуі тиіс.
Рецензенттер мен редакторлар да өз қақтығыстарын жариялап, қажет болған жағдайда үдерістен шығуы тиіс. Қажет болса, қақтығыстар туралы ақпарат жарияланады.
- Шағымдар мен апелляциялар
Шағымдар төмендегілерге қатысты қабылданады:
- редакциялық шешімдер;
- рецензиялау сапасы;
- авторлар, рецензенттер немесе редакторлардың этикалық тәртібі;
- жарияланған материалдардың дұрыстығы.
Шағымдар журналдың ресми электрондық поштасына (rcphysics@kaznu.edu.kz) жазбаша түрде жіберіледі. Оларды Бас редактор немесе уәкілетті тұлға қарастырады.
Жауап тиісті шаралармен бірге ұсынылады (қайта қарау, түзету, ретракция және т.б.).
Қайталап апелляция енгізуге болады.
- Этика бұзушылықтары және тергеу
Плагиат, деректерді қолдан жасау, жалған авторлық және т.б. бойынша кез келген негізді күдік мұқият тексеріледі. Редакция түсініктеме сұратуы, тиісті мекемелермен байланысуы және COPE схемаларын қолдануы мүмкін.
Тергеу кезінде қолжазба тоқтатылады немесе жарияланған мақалаға «алаңдаушылық білдіру» белгісі қойылуы мүмкін. Бұзушылық дәлелденсе, түзету, ретракция немесе басқа шаралар қолданылуы мүмкін.
- Деректермен жұмыс және қайта өндіру
Авторлар зерттеуді қайталау үшін жеткілікті әдістемелік ақпарат ұсынуы тиіс. Авторлар деректерді, кодты және қосымша материалдарды репозиторийлерге орналастыруға ынталандырылады. Шектеулі деректер (жеке деректер, құпия ақпарат) заңға және этикаға сай өңделуі тиіс.
- Зерттеу этикасы
Адамдармен, жануарлармен немесе қауіпті материалдармен зерттеу жүргізілген жағдайда авторлар келесіні көрсетуі тиіс:
- этикалық комитеттің/IRB мақұлдауы;
- халықаралық және ұлттық нормаларға сәйкестік;
- ақпараттандырылған келісім рәсімдері.
Редакция этикалық құжаттардың көшірмелерін сұрай алады. Этикалық бақылау жеткіліксіз болса, қолжазба қабылданбауы мүмкін.
- Түзетулер, алаңдаушылық білдіру және ретракциялар
Ұсақ қателер Errata немесе Corrigenda (түзетулер немесе түзетулер тізімі) арқылы түзетіледі.
Негізгі нәтижелерге әсер ететін қателер немесе дәлелденген этикалық бұзушылықтар ретракцияға әкеледі.
Ретракцияланған мақалалар «Алынып тасталған» (Retracted) белгісімен қолжетімді болып қалады. Тергеу жалғасып жатқанда «Алаңдаушылықты білдіру» (Expression of Concern) жариялануы мүмкін.
- ЖИ құралдарын және сыртқы қызметтерді қолдану
Генеративті ЖИ құралдары автор ретінде көрсетілмейді.
Коммерциялық қызметтердің (редакциялау, делдалдық) қолданылуы ашық жариялануы тиіс.

