PYTHON БАҒДАРЛАМАСЫНДА ПОТЕНЦИАЛ ӨРІСТЕГІ НУКЛЕИД ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КИНК - АНТИКИНК ШЕШІІМДЕРІ

Авторлар

DOI:

10.26577/JPEOS.2024.v26-i2-a8

Кілт сөздер:

Инглендер моделі, ДНҚ физикасы, кинк және антикинктің энергия тығыздығы, Python бағдарлмасы, деформация.

Аңдатпа

Бұл мақалада Инглендер моделінің потенциал өрістегі байланыс түрін жазу қарастырылады. Моделде нуклеидтер бір жалпы жіппен байланысқан маятник ретінде көрсетіледі. Инглендер моделіне негізделген-сызықтық емес жүйелерді сипаттайтын синус-Гордон теңдеуі зерттеледі. Сызыкты емес Пейрард-Бишоптың жаңа моделі, Поланд-Шераг, Якушевич және Скотт моделдері қарастырылады. Инглендер моделі арқылы ДНҚ молекуласының жұмыс істеу қабілеті түсіндіріледі және графикалық құрылым ретінде қарастырылады. Инглендер моделіндегі құрылымдық өзгерістердің негіздері кинк және антикинк сипатталады. Кинк-анитикинктердің сипаттамаларының аналитикалық және сандық мәндері есептеледі. ДНҚ молекуласының сызықты емес моделдерінде топологиялық аспектілерді қалай қолданатыны көрсетіледі. ДНҚ-ның күрделі динамикасы және оның топологиялық ақаулары сипатталады. Динамикалық процесті теңдеуді ДНҚ-ға қолдану арқылы транскрипция немесе репликация кезінде моделдеу қарастырылады. ДНҚ параметрлерін қолдана пайдалана отырып кинк және антиткинк түрінде теңдеудің шешімдері алынады. Кинк және антикинктің энергия тығыздығы табылады. Кинктер мен антикинктердің тығыздық қисықтары мен беттері сәйкес келетін графиктер тұрғызылады. Шешімдерді табу үшін дифференциалдық теңдеулерде айнымалыларды бөлу әдістері қолданылады. Python бағдарлмасын қолдану арқылы кинктер мен антикинктердің өзара әрекеттесуін 2D және 3D графиктері алынады.

Автор өмірбаяндары

  • А. А. Жадыранова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

    Жадыранова Алия Амирбековна (корреспонденция авторы)- PhD., жалпы және теориялық физика кафедрасының доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi (Астана қ-сы, Қазақстан,эл.почта: a.a.zhadyranova@gmail.com)

  • Ү. Қ. Исмаил, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

    Исмаил Үміт Қуанышқызы – Жалпы және теориялық физика кафедрасының студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық (Астана қ-сы, Қазақстан, эл.почта: umitismail848@gmail.com)

  • Н. М. Алиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

    Алиев Нұрсұлтан Мойнақбайұлы– Жалпы және теориялық физика кафедрасының студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi (Астана қ-сы, Қазақстан, эл.почта: nursaliyev3@gmail.com)

  • Н. Н. Оразмұхамет, Шәкәрім университетінің

    Оразмұхамет Нұрал Нұржанұлы - Химия және экология кафедрасының студенті, Shakarim University (Семей қ-сы, Қазақстан, эл.почта: orazmukhametnn@gmail.com)

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-20