ИНФРАҚЫЗЫЛ N24 КӨПІРШІКТІҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Авторлар

  • Д.А. Алимбетова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5437-8146
  • А.Т. Агишев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан; https://orcid.org/0000-0001-9788-7485
  • С.А. Хохлов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6987-9058
  • Т. Комеш Синьцзян астрономиялық обсерваториясы, Қыйтай Ғылым Академиясы, Үрімші, ҚХР https://orcid.org/0000-0002-3415-4636
  • С. Сайланбек Қыйтай Ғылым Академиясының Университеті, Бейжің, ҚХР https://orcid.org/0000-0003-1743-6751

Аңдатпа

Бұл жұмыс N24 – үлкен инфрақызыл көпіршігіндегі аммиак молекуласының NH3(1,1) және NH3(2,2) сәулеленуін бақылау мен өңдеуге арналады. Ұсынылған зерттеудің нәтижесі бұл өңірдегі жұлдыздың қалыптасу процесімен жұлдызаралық ортаның физикалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бақылау мәліметтері 2018 жылдың наурыз айында Қытай ғылым академиясының Синьцзяндік астрономиялық обсерваториясындағы 26-метрлік радиотелескобында, 23 ГГц радиотолқындар жиелігінде жиналды. Мәліметтерді өңдеу спектрлерге арналған GILDAS кестесінен алынған CLASS бағдарламасының көмегімен орындалды. Жылдамдық бойынша интегралдау аралығы 60-70 км/с аралығын құрады.
Нәтижесінже жұлдыздың қалыптасу аумағындағы зат үлестірілуі көресетілді. Жұлдыз қалыптасу аумағының орны болып келедтін интегралдық-интенсивтілік картасы түрғызылды. Кеңейіп жатқан N24 көпіршіктің аумағында 23 өзек-орын бар екендігі көрсетілді. Тасымалдануға түсетін аммиак молекуласы жақсы корреляциясы негізінде, бұл аумақтағы жұлдыз қалыптасу интесивтілігі тұрақты болатындығы анықталды. мұндағы өзектердің температурасы мен тығыздығы бір-біріне қарағанда өзгеше болатындығына көз жеткіздік. Осыдан аммиак NH3 (1,1) және NH3 (2,2) көпіршіктің
аумағындағы өзектердің ішіндегі жоғары концентрациясы айтылып, тыс жерде кездеспейтіндігіне көз жеткізілді. Яғни, табылған өзектер жұлдыздардың қалыптасуының ең ерте кезіндегі орны екенін қорытындыладық.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-17