IRAS 22023+5249 ЖӘНЕ IRAS 22150+6109 ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ

Авторы

        31 22

Аннотация

Бұл жұмыс бас тізбекке дейінгі Ае/Ве Хербиг типті жас объектілерді зерттеуге арналған. Фотометриялық критерийлеріне сәйкес Ае/Ве Хербиг типтегі жас объектілер де ИҚ артылуы және эмиссиялық сызықтары бар протопланеталық жұлдыздарға жақын келеді.Зерттеліп жатқан Ае/Ве Хербиг типтегі жас объектілермен ИҚ каталог тізімі IRAS 22023+5249 және IRAS 22150+6109 жұлдыздарымен толықтырылды. Мұнда Тянь-Шань Астрономиялық Обсерваториясындағы 1 метрлік оптикалық телескоппен алынғанUBVRI Джонсон жүйесіндегі инфрақызыл сәулеленуінің артылуы бар (IRAS 22023+5249 және IRAS 22150+6109) екі жұлдыздың көп түсті фотометриялық бақылауларыныңның нәтижелері ұсынылған. Бұл объектілер IRAS каталогы мен эмиссиялық сызықтыгалактикалық ыстық жұлдыздар каталогы арасындағы координаталық сәйкестендіріп іздеу нәтижесінде табылған. Ертеде бұл объектілер спектрдің H аймағында эмиссиясы бар жұлдыздар ретінде белгілі еді, бірақ бұл кезде олардың оптикалық бақылаулары жүргізілмеген болатын. Жәрияланған нәтижелер мен осы алынған мәліметтерді бірге талдау жасау бізге объектілердің физикалық параметрлерін бағалауға және олардың эволюциялық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеулер IRAS 22023+5249 жұлдызының эволюциясы дамыған, яғни прото-планетарлық тұмандық болуы мүмкін екендігін, ал IRAS 22150+6109 жұлдызының-жас жұлдыз екенін көрсетті.

Загрузки

Как цитировать

Нодяров, А. С., & Хохлов, С. А. (2023). IRAS 22023+5249 ЖӘНЕ IRAS 22150+6109 ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ. Journal of Open Systems Evolution Problems, 22(1-2), 16–23. извлечено от https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/292