МАКСВЕЛЛДІК ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДАР БАР БОЛҒАН КЕЗДЕ ИОНОСФЕРА БИІКТІКТЕРІНДЕ ТОЗАҢДЫ БӨЛШЕКТІҢ ЗАРЯДТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторы

  • Г.Н. Шиникулова Казахский национальный университет имени аль-Фараби image/svg+xml
  • Қ.Е. Нұрғалиева Казахский национальный университет имени аль-Фараби image/svg+xml https://orcid.org/0000-0002-0696-7277

Ключевые слова:

мезосфера, ионосфера, тозаңды плазма, максвеллдік үлестірілу, максвеллдік емес үлестірілу, каппа үлестірілу

Аннотация

Ұсынылып отырған жұмыста максвеллдік емес электрондары бар
ионосферада мезосфера биіктігінде тозаңды бөлшектің зарядталуы зерттелген. Ортаның тепе-
теңсіз болуы радиоқыздырғыш стендтің жұмысы салдырынан болып тұр. Электрондардың
жылдамдықтар бойынша үлестірілуі ретінде k-үлестірілуі қолданылған. Есептеулер 85-95 км
биіктігіндегі ионосфералық плазма үшін 150° К температурада жүргізілді, электрондар мен
иондар концентрациясы 1010 м-3 деп алынды. Барлық тозаңдық бөлшектер біртекті және бәрінің
өлшемдері бірдей және 10 нм құрайды деп есептелінді. Тозаңды бөлшектердің зарядталуын
модельдеу үшін ОМL (Orbit Motion Limited) теориясы қолданылды. Тепе-теңсіз плазмалық
ортадағы тозаңды бөлшектің өлшемсіздірілген потенциалының тепе-теңдіктегі плазмалық
ортадағы тозаңды бөлшектің өлшемсіздірілген потенциалына қатынасы есептелінді. Тепе-
теңсіз плазмалық ортадағы тозаңды бөлшектің бет потенциалының тепе-теңдіктегі плазмалық
ортасындағы жағдайдан бірнеше есе көп екндігі анықталды және ионосфералық газдың иондық
құрылымына байланысты болатыны көрсетілді. Бет потенциалының тепе-теңсіз және тепе-
теңдіктегі орта арасындағы айырмашылық температура өскен сайын кемитіні де байқалды.

Загрузки

Опубликован

2023-01-17

Как цитировать

МАКСВЕЛЛДІК ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДАР БАР БОЛҒАН КЕЗДЕ ИОНОСФЕРА БИІКТІКТЕРІНДЕ ТОЗАҢДЫ БӨЛШЕКТІҢ ЗАРЯДТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2023). Journal of Open Systems Evolution Problems, 21(1-2), 109-113. https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/264