ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ИОНДЫ-ПЛАЗМАЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ МОДЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/PEOS.2020.v22.i2.06
        5 10

Аннотация

Қарастырылып отырған жұмыста қатты отынды ионды-плазмалы қозғалтқыштың моделі және оның жұмыс істеу принципі туралы мәліметтер келтірілген. Қатты отынмен жұмыс істейтін ионды-плазмалы қозғалтқыштың электродтар жүйесінің жаңа моделі дайындалды. Ол екі бөліктен тұрады: плазма ағыны үдетілетін жоғары вольтты электродтар, рельсотрон принципіне негізделіп жұмыс істейді, ал жоғары амперлі тұтандырушы электрод, плазма тудырушы қызметін атқарады. Тұтандырушы
электродтың жерге жалғанған электродпен жанасуы механикалық әсер арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы эксперименттерде тұтандырушы электрод ретінде графит пластинасы

қолданылды.Осылайша тұтандырушы электрод тудыратын электрлік ұшқын,
ұшқын разряд түрінде пайда болатыны анықталды. Бұл тұтандырушы электродты қатты
отын ретінде қолдануға болатындығын көрсетеді. Тұтандырушы электродтың электрлік
қысқа тұйықталуы кезінде пайда болатын ұшқын разряд негізгі ионды-плазмалы ағынды
тудырады. Ол өз кезегінде өздік магнит өрісі тудыратын магниттік қысым әсерінен үдеп,
жоғары жылдамдыққа ие болады. Экспериментте анықталған ионды-плазмалы ағынның
орташа жылдамдығы 4,5 км/с тең болды. Бұл шектік мән емес әрине. Сонымен қатар,
эксперименттер барысында ионды-плазмалы ток каналының үзілуін униполяр доғалы
разряд тудыратыны, және оның салдарынан жоғары вольтты электрод беті күшті эрозияға
ұшырайтындығы белгілі болды.

Загрузки

Как цитировать

Досболаев, М. Қ., & Үсенов, Е. А. (2023). ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ИОНДЫ-ПЛАЗМАЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ МОДЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІН ЗЕРТТЕУ. Журнал проблем эволюции открытых систем, 22(3-4), 33–41. https://doi.org/10.26577/PEOS.2020.v22.i2.06